Серуендеуге қанша уақыт арнау керек? Серуендеуге қанша уақыт арнау керек?
Бір жылдан үшке дейін - huggies.kz - icon 01

Серуендеуге қанша уақыт арнау керек?

Таза ауада серуендеу баланың өсіп-жетілуі үшін өте маңызды. Бұл қарапайым рәсім керемет шынықтыратын әсер береді: бала температураның, ылғалдылықтың, жел мен күннің өзгеруіне үйренеді, термореттеу тетігі реттеледі. Қыста үйде отыру керек деген кеңеске қарамастан, балаға кез келген тыныш ауа райында серуендеген пайдалы болады.

Жалпы алғанда, кез келген серуен –табиғатпен байланыс (әрине, адам көп жүретін көшелерде емес, ең болмағанда, саябақта жүрсеңіз) және өркениеттің зиянды факторларынан аздап арылуға тырысу. Бұл нені білдіреді? Қаладағы әрбір пәтер (және қала сыртындағы үйде де) зиянды заттардың көп мөлшері жиналады. Ең алдымен, бұл шаң және әртүрлі аллергендер (тұрмыстық химия бөлшектері, лактар, бояулар), олар жиһаздарда, кітаптарда, кілемдерде және жалпы, үйіміздің кез келген заттарында болады.

Қыста серуендеу:

  • суық мезгілде таза ауада серуендеуді 5 минуттан бастауға болады. Сонымен қатар ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Әрі қарай серуендеу ұзақтығын біртіндеп 1-2 сағатқа дейін және төменгі температураны -20-ға дейін көбейтіңіз. Температура неғұрлым төмен болса, серуендеу ұзақтығы соғұрлым аз болады. Балалардың организмі жылуды тиімді сақтай алмайтынын ескере отырып, қысқы серуенге балаларды дұрыс киіндіру керек. Мұны істеудің ең оңай жолы +1 ережесі. Ол үшін далада жүру өте ыңғайлы болатындай киінуіңіз керек. Баланы да дәл солай киіндіруіңіз керек, бірақ жылы киімнің тағы бір қабатын қосыңыз.

  • Тамақтану арасындағы аралықта серуендеу жоспарлаған жақсы. Жылдың суық мезгілінде өзіңізбен бірге ауыстыратын киім, жөргек, бөтелке алып жүрудің қажеті жоқ. Одан да өзіңізбен қосымша плед немесе жамылғы алып жүрген дұрыс. Тамақтану немесе жөргекті ауыстыру үшін жылдам оралу мүмкіндігіне ие болу үшін үйден алысқа бармаңыз. Есіңізде болсын, емізетін аналар кеудесіне суық тигізіп алмағаны жөн.

Жылы уақытта серуендеу:

  • Ең жақсысы – күніне 2 рет, таңертең және кешке, ұйықтар алдында серуендеу. Жаяу жүру ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін, 3-4 сағатқа дейін. Серуендеу үшін үлкен жолдардан алыс жерлер, саябақтар, саяжол мен бақтар ыңғайлы.

  • Ең бастысы – баланы тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғау. Балалар күнге өте тез күйеді. Күннен қорғану үшін SPF мәні жоғары (күннен қорғау санаты) балаларға арналған қауіпсіз күннен қорғайтын құралдарды пайдалануға болады, әсіресе ашық күннің (жағажай, таулы жер) астында ұзақ уақыт серуендейтін болсаңыз. Сондай-ақ, сізге жәндіктерден қорғайтын репеллент және шағып алған жерді басатын құрал қажет болады.

Маңызды: иммундық жүйенің әлсіздігін ескере отырып, алғашқы 6 айда баламен бірге адамдар көп жиналатын орындарға, яғни дүкендерге, сауда орталықтарына, кинотеатрларға, мектептерге және т.б. баруға болмайды. Әсіресе маусымдық суық тию эпидемиясы кезінде бармау керек.

Егер бала ауырып қалса, өзіңізден көрмеңіз, тіпті, дені сау балалар да 4-6 рет суық тиіп ауыруы мүмкін. Ең бастысы- сауатты дәрігерге уақытында жүгіну керек, өз бетіңізше емдемеңіз.

EmptyView