Нәрестені емізу және оның ұйқысы Нәрестені емізу және оның ұйқысы
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Нәрестені емізу және оның ұйқысы

Сіздің бала күтімі жайындағы анықтамалығыңыз

Тіпті тәжірибелі ата-аналардың өзі балаларына жеткілікті қамқорлық танытатынына алаңдайтыны бар. Сәбиіңіздің денсаулығы туралы неғұрлым көп білсеңіз, баланың жағдайы немесе ауру белгісі қаншалықты ауыр екенін анықтай алсаңыз, соғұрлым сіз өзіңізге-өзіңіз сенімді боласыз. Huggies денсаулық сақтау саласы мамандарының білімі мен қамқорлығын алмастыра алмайды, бірақ біз сізге негізгі ақпаратты беріп, балаңыздың денсаулығы мен дамуына қатысты туындауы мүмкін көптеген сұрақтарға жауап бере аламыз.

Емізу

Емізуден ана да, бала да өз пайдасын алады. Бала емізу сізге де, балаға да бірлесе өткен уақыттың жақсылығын сыйлауы мүмкін. Емшек сүтінде көмірсулардың, ақуыздардың, майлардың және балаңыздың өсуі мен дамуына қажетті дәрумендердің барлық қажетті мөлшері болады. Емшек сүтінің құрамында антиденелер бар, олар сәбиіңіздің әлсіз иммундық жүйесіне пневмония мен іш өту сияқты аурулар мен жұқпаларға қарсы тұруға көмектеседі.

Денсаулығында проблемасы жоқ әйелдерге бала туған соң кем дегенде алғашқы 6 ай бойы баланы емшек сүтімен қоректендіруге кеңес беріледі. Баланы емізуді мүмкіндігінше тезірек бастаңыз, себебі туа салған соң бірден «уыз» деп аталатын қоректік зат өндіріледі. Оның балаңыз үшін пайдасы зор.

Аналардың бәрі бірдей емізгілері келе бермейді, сондықтан емізудің неліктен маңызды екенін түсіндіру үшін қолдан келер мүмкіндіктің бәрін жасап көрдік. Huggies-тің сәтті емізуге арналған көптеген кеңестер мен әдістемелері бар.

Емізу не үшін керек?

Кейбір аналар төстерінің кейінгі жағдайы не болатынын ойлап, баланы жасанды емізудің көмегімен тамақтандырып, бала емізуден бас тартып жатады. Кейбір әйелдер емшекпен емізіп көріп, оның өте қиын екеніне көздері жеткен соң, жасанды емізуді таңдайды. Егер денсаулығыңызға қатысты ауыр проблемалар (АИТВ немесе гепатит) болмаса, балаңыздың денсаулығы үшін оны емізуге тырысуыңыз керек. Емшек сүтінің құрамында сәбидің әлсіз иммундық жүйесін күшетуге арналған антиденелер бар.

Емшек сүті сәбидің асқазанында өте оңай қорытылады, сол себептен кекіру мен құсуды азайтады. Оның үстіне, емшекпен емізген ыңғайлы. Емшекті дайындаудың, жылытудың, стерилдеудің қажеті жоқ – бұл фактыны сіз сауық кешінде, дүкен аралағанда немесе түнгі ұйқы кезінде сәбиіңіздің қарны ашқанда сөзсіз бағалайсыз.

Емшекпен емізу кезінде ана ағзасында белгілі бір гормондар шығарылады, олар ананың баламен жақындасуына көмектеседі.

Кейбір зерттеулер бала емізу сіздің жүктілік кезінде қосқан артық салмағыңыздан арылуға көмектесе алатынын көрсетіп отыр. Осы күнге дейін әлі анығына жетіп болмаған себептермен бала емізу сүт бездері мен аналық бездердің қатерлі ісігінің даму ықтималдығын азайтуы мүмкін. Емізетін аналарда остеопорозбен ауыру жиілігі төмен екені анықталды.

Баланы қалай еміземіз

Жас аналар миллиондаған жыл бойы бала емізіп келеді, бірақ әрқашанда бәрі бірдей оп-оңай емізіп кетеді дегенді білдірмейді, әсіресе егер бұл сіздің бірінші балаңыз болса. Huggies-тің емізу жөніндегі анықтамалығы оны дұрыс жасауға көмектеседі.

Ең алдымен дұрыстап ыңғайланып алуыңыз қажет. Ыңғайлы креслода немесе диванда отырғаныңызға көз жеткізіңіз. Аяғыңыздың астына аласа пуфик қойыңыз. Баланы ұстау ыңғайлы болу үшін арқаңыз бен тізеңізге жастық қойыңыз. Өзіңізді бос ұстап, жайлы сезінгеніңіз маңызды. Бала бетін сізге қаратып бүйірімен жатуы тиіс, оның басы сіздің емшек ұшының деңгейінде болуы тиіс. Балаға емшек берген кезде емшек ұшының тұсын саусақтарыңызбен ұстап беріңіз. Саусақтарыңыз балаңызға емшек ұшын алуға кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.

Егер бала емшек ұшынан басын кері тартса, оның басын ақырындап өзіңізге қарай бұрыңыз. Бала аузын ашу үшін оны ақырындап емшек ұшына жақындатып, тақап, қайта алыңыз. Бала аузын қатты ашқанда, оған тағы да ақырындап емшек беріп көріңіз. Баланың төменгі ерні мен тілі емшекке бірінші тиетініне көз жеткізіңіз. Бала емшек ұшын аузына ала салысымен, оны омырауыңызға қысып ұстаңыз. Дұрыс ему үшін сәби емшек ұшының айналасын аузына түгел алуы тиіс. Бір емізу кезінде екі омырауды кезек-кезек беріңіз.

Әр омырауыңызбен тәулігіне 8–12 рет 10–15 минуттан емізуге тырысыңыз.

Емізу бойынша кеңестер

Мүмкіндік туа салысымен, балаңызды омырауыңызға алуға тырысыңыз.

Баланы емізуге уақытыңыз жеткілікті болуы үшін туғаннан кейін қонақтардың санын шектеңіз.

Емізу ұзақтығы мен жиілігін шектемеуге тырысыңыз.

Баланы қажетінше емізіңіз. Кейбір нәрестелерге 45 минуттай уақыт қажет болуы мүмкін.

Жылап жатқан баланы емізуге тырыспаңыз. Алдымен оны тыныштандырып алыңыз да, сосын барып емізіңіз.

Егер емшегіңіздің ұштары ауырып тұрса немесе жарылып кетсе, жақпамай немесе крем пайдаланып көріңіз. Қолданатын құралыңыздың уытты емес екеніне және емізетін аналарға қолдануға болатынына көз жеткізіп алыңыз. Кейбір аналар өздерінің сүті емшек ұшының ауырғанын басатынын байқайды.

Бала емізіп жүргенде сүйегі бар бюстгальтер тақпауға тырысыңыз, себебі бұл маммологиялық проблемалар тудыруы мүмкін.

Емізуді қолдайтын онлайн- және офлайн-топтар бар. Егер сізде қиындыққа тап болсаңыз, емізуге қатысты проблемаларды шешу үшін сол топтарға немесе емханаңызға жүгіне аласыз.

EmptyView