Бір жасқа дейінгі баланы тексеру Бір жасқа дейінгі баланы тексеру
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Бір жасқа дейінгі баланы тексеру

Босану артта қалып, сіз үйге келдіңіз. Бірақ балаң үшін алаңдайтын қорқыныш қуаныштың орнын бірден басып алады. Жас ата-ананың көптеген сұрақтары туындай бастайды.

Сәбидің мұрны пысылдап тұр ма, әлде ол өзі осылай тыныс ала ма? Бірінші айда 1 кг салмақ қосты – бұл аз ба, әлде көп пе? Аяқтары қисық па, әлде солай болу керек пе? Бірінші айда бала көршінің қызындай басын ұстай алмайды – дабыл қағу қажет пе? Қабылдауға кімге барамыз – неврологқа ма, психиологқа ма? Сосын жас ата-аналар дәрігерлерге жүгіре бастайды, ең болмағанда – өз сұрақтарының жауаптарын әйелдер форумынан іздейді немесе аналарынан, әжелерінен немесе «тәжірибелі» құрбыларынан кеңес сұрайды.

Баланың дамуын кім қадағалап отыруы тиіс?

Педиатр – отбасының мүшесі десе де болады

Бала өмірінің алғашқы 3 жылындағы ең басты дәрігер – педиатр. Сондықтан, бала дүниеге келген соң бірден ата-анасы бала өмірінің алғашқы жылдарында (жеткіншек жасқа дейін болғаны да дұрыс) отбасының бір мүшесіне айналатын дәрігерді іздеп тапқаны жөн. Бұл ата-ана сөзсіз сенетін маман болуы тиіс, ол болса, өз алдына баланың денсаулығы үшін жауапкершілікті сезетін болуы тиіс.

Ата-анасы мен баласын ешнәрсе мазаламаса да, ай сайын педиатрдың қабылдауына барған дұрыс. Дәрігер сәбидің физикалық жағдайын: баланың қанша салмақ қосқанын, қалай өсіп жатқанын, оның басы мен кеуде қуысының қаншалықты ұлғайғанын бағалауы тиіс. Сондай-ақ баланың психомоторлық дамуын: басын уақытында ұстай бастағанын, аунағаны мен отырғанын бақылауы тиіс. Бұл мерзіміне жетіп туған дені сау бала туралы айтылған сөз. Егер бала туған кезде туа біткен патология немесе ауру табылған болса, онда бірінші күннен-ақ бейінді мамандық дәрігерімен «дос болған» дұрыс.

Пайдасыз тексеру

Баланы өмірінің алғашқы жылында қандай дәрігерлерге көрсету қажет, қандай талдамалар жасау керек және осының бәрін жасау міндетті ме? Егер педиатр осыны жөн деп санаса, онда барлығын жасау қажет. Себебі әрбір медициналық әрекет дәлелді әрі қауіпсіз болуы тиіс. Ал ең бастысы ақпарат беретін болуы тиіс.

Мысал келтірейік. Гемоглобин деңгейін анықтау үшін жасалатын жалпы қан талдамасы. Кейбір емханаларда темір тапшылығы анемиясының алдын алу үшін оны балаға 2–3 айында тағайындайды. Негізі бұл талдама 9 айға дейін ақпарат беретіндей емес.

Сәбилердің анасы сәбилерінің 3, 6, 9 айында және бір жасында педиатрдан «керек бола қалса» деген ниетпен неврологқа жолдама «сұрап алады». Бұл дәрігердің бала басын дұрыс ұстайды ма, жоқ па немесе аяғын дұрыс басады ма, жоқ па, соны бағалауы үшін қажет. Ал ол, өз кезегінде, әр екінші баланы «алдын ала сақтану үшін» нейросонограммаға жібереді. Бірақ жас нормаларына сәйкес дамып келе жатқан дені сау балаға осы қосымша зерттеулердің қажеті жоқ. Олар ата-аналардың көңілін жұбату үшін қажет. Бірақ керісінше болуы да мүмкін: нейросонограммадан қандай да бір ауытқуларды көріп, ата-аналар баланы дәрі-дәрмектермен емдей бастайды, бірақ бұл жеке «нормадан тыс жағдай» сәбидің денсаулығы мен дамуына еш әсер етпейді.

Ауытқушылық құқығы

Баланың дамуындағы «нормалар» мен «нормадан тыс жағдайларды» (физикалық та, психомоторлық та тұрғыдан) интернеттегі кестелермен қаруланған ана емес, маман анықтауы тиіс. Қосылған 600 г салмақтың көп немесе аз екенін баланы туғаннан бақылап келе жатқан дәрігер ғана шеше алады. Салмақтың кенет артуы сәбиді белгілі бір қосымша тағам өнімдерімен артық тамақтандырғанын, сондай-ақ баланың ауырған кезде жоғалған салмағын «қуып жеткенін» білдіруі мүмкін.

Егер дәрігердің алдында бойлары «баскетболшылардың» бойындай ата-ана тұрса, онда дәрігер баланың бір жасында құрдастарынан бір бас биік екенін уайымдамайды. Ал егер ата-анасының екеуі де статистикалық орташа бойлы болса, онда бұл гормондық бұзылыстарды жою үшін эндокринологқа қаралудың себебіне айналады.

Қамқор ата-ана кез келген баланың дамуында ауытқуға құқылы екенін білуі керек. Ата-аналарды, көбінесе, олардың пікірі бойынша, психомоторлық дамуға қатысты бұзылыстар уайымдатады. Мысалы, үлкені ұлы 10 айында тәй-тәй баса бастады, ал кіші қызы бір жасында аяғын әлі баса алмайды, ол ауру емес пе? Егер біреудің демеуімен аяғына тұра алса – ауру емес, қандай да бір басқа белгілер мен ауытқулар болмаса. Ал егер педиатр күмәнданса – ол ата-ананы неврологқа немесе ортопедке жібереді.

EmptyView