Емізу кезіндегі спорт Емізу кезіндегі спорт
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Емізу кезіндегі спорт

Емізу кезіндегі спорт

Сәбилерін емізетін аналар, мүмкіндігінше тезірек, босанғанға дейінгі сымбатын қалпына келтіргісі келеді. Адамдардың көбі спорт сүттену мен денсаулыққа әсер етуі мүмкін деп қорқады. Зерттеулер бала емізетін әйелдердің дене жаттығуларымен айналысуы сүттің құрамына да, оның дәміне де, оның мөлшеріне де еш әсер етпейтінін көрсетті. Бірақ кейбір ережелерді сақтау керек.

Спортпен қашан айналыса бастау керек?

Босанғаннан кейін қосымша дене жүктемесімен асығудың керегі жоқ, себебі ағзада онсыз да барлық жүйені қалпына келтіру мен лактацияны реттеу бойынша маңызды жұмыс жүріп жатады. Оған қоса, баланы қолыңа көтеріп жүру бірден бірнеше жаттығуды алмастыруы мүмкін. Дәрігерлер алғашқы екі айда спортпен айналысуға кеңес бермейді, денеңіз демалуы тиіс. Спортзалға қайтып келу үшін ең жақсы мерзім бала алты айға толғанда болады. Осы уақытта оны әкесімен, апасымен немесе күтушімен бірнеше сағатқа қалдыруға болады, ал денеңіз болса енді жаңа жүктемелерге дайын.

Спорттың қай түрімен айналысуға болады?

Босанғаннан кейін екі айдан соң денені шынықтыруға болады, мұндайда жоғарғы иық белдеуіне күш түсірмеу керек. Егер сізге кесарь тілігі жасалса, ішкі тігістер толық жазылып кету үшін пресс жаттығуларын жасамай, тағы бір айдай күте тұру керек. Ал жарты жылдан соң залға немесе фитнеске баруға болады.

Хауызға да баруға болады, бірақ ондайда сүтіңіздің ағып кету проблемасы болмауы тиіс. Мұқият болыңыз – кеуде тұсына салмақ салатын жаттығулардың барлығын абайлап жасау керек, себебі олар сүт бездерін қысып немесе оларды жарақаттап алуы мүмкін.

  • Ережелер

Жаттыққан кезде міндетті түрде су ішіңіз, емізу де, дене жүктемесі сияқты қосымша сұйықтықты қажет етеді. Сіз сусызданып қалмауыңыз үшін осы мәселеге мұқият қарауыңыз тиіс. Кеудеңізді кездейсоқ соққыдан немесе қысып кетуден сақтайтындай жаттығуларды таңдаңыз. Сүт бездеріңізге суық тимес үшін спортзалдағы ауа температурасын қадағалап отырыңыз. Міндетті түрде арнайы бауы жалпақ бюстгальтерлерді немесе спорт топтарын пайдаланыңыз, олар кеудені жақсы ұстайды және салбырап кетуіне жол бермейді.

EmptyView