Балалары бар жүкті әйелдерге арналған кеңестер. Балалары бар жүкті әйелдерге арналған кеңестер.
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Балалары бар жүкті әйелдерге арналған кеңестер.

Балалары бар әрбір жүкті әйел «аналық махаббатымды» балаларыма қалай бөлсем екен деп күмәнданып жүреді. Үлкені қызғанбас үшін не істеуге болады. Отбасындағы рөлі өзгерген кезде үйдің үлкені қандай сезімде болады?

Кішкентай інісінің немесе сіңлі-қарындасының дүниеге келуі бірінші бала үшін күйзеліс тудыруы, тіпті психологиялық жарақаттауы мүмкін. Мұны ғаламның орталығы сияқты өмір сүрген, ал қазір ата-анасы мен туыстарының назарын бөлісу керек болатын «эгоцентрлік» баланың психологиясы тұрғысынан түсіндіруге болады.

Інісін немесе сіңлі-қарындасын таныстыру және оны бетпе-бет көру – бұл әртүрлі нәрселер, бұл бала үшін тосынсый болуы мүмкін. Бір жағынан, ол қызығушылық танытуы мүмкін, ал екінші жағынан ол отбасының жаңа мүшесін кез келген уақытта лақтырып жіберуге болатын қуыршақ ретінде қабылдауы мүмкін.

Бұл отбасы үшін ересек балаларға олардың отбасындағы рөлі өзгерсе де, бұрынғыдай-ақ маңызды екенін көрсету қажет болатын өте маңызды уақыт!

Үлкен балаларды нәрестенің пайда болуына қалай дайындауға болады?

    • Балаңызбен сөйлесіп, нәрестенің дүниеге келетінін түсіндіріңіз.

    • Нәрестені бірге күтіңіздер:

      • УДЗ-ға үлкен балаңызбен бірге барыңыз, жүрегінің қалай соғып тұрғанын тыңдатыңыз, баланың қандай екенін көрсетіңіз

      • суреттер қараңыздар, нәрестенің іште жатқан кезде қалай өсіп-жетілетінін оқып беріңіз

      • ішіңізді сипалауға рұқсат етіңіз

      • бірге ән айтыңыздар

      • түнде бірге ертегі айтыңыздар

    • Үлкеніңізді үй шаруасына араластырыңыз, оған бірдеңе әкел, бірдеңе апар деген сияқты аз-маз міндеттер жүктеп қойыңыз. Балаңызды жасы үлкендеу болса, гүлдерді суартыңыз, қоқыс төккізіңіз және т.б. Бұл баланың өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын дамытуға көмектеседі, бұл болашақта кішкентаймен қарым-қатынас жасау үшін керек болады.

    • Балаға нәрестені тек ойнатып, күлдірудің аз екендігін айтуға тырысыңыз. Жаялығын ауыстыру, тамақтандыру және т.б. сияқты балаға күтім жасаудың үлкен жұмыс екенін түсіндіріңіз. Балаңызға оның сәби кезін, қалай жылағанын, оған қалай көңіл бөлгеніңізді; іші ауырғанда, тістері шыққанда, қызуы көтерілгенде талай ұйықтамағаныңызды айтыңыз.

    5

    • Баланы нәрестенің қажеттіліктеріне, оған қамқорлық жасау көп уақытты қажет ететініне түсіністікпен қарауға үйретіңіз, өйткені ол тіпті, мұрнын сүрте алмайтынын, дәретханаға бара алмайтынын алға тартыңыз. Үлкен балаңыз бен кіші балаңыздың арасында достық орнатып, кішісіне деген махаббатын оятуға тырысыңыз.

    • Үйде нәресте пайда болғаннан кейін үлкен баланың көмегінен бас тартпаңыз. Сізге көмектесуіне рұқсат етіңіз: жаялықты алып келсін, алып кетсін, баламен ойнасын, оны әлдилесін. Оның көмегін оңай және ризашылықпен қабылдаңыз. Сонда үлкені үйде болып жатқан нәрсеге бойы үйрене бастайды. Менің бір танысым үлкені дүниеге келген бүлдіршінін қызғана ма екен деп қатты қорыққан, сондықтан перзентханадан «сәбидің сыйлығы» деп үлкен конструктор әкеліп беріпті. Үлкені риза болып, алғашқы күндері үйде болып жатқанның бәрін оң қабылдапты.

    • Үлкен баланы кіші баладан шеттетпеңіз. Бірақ үлкенінің кішкентайға кездейсоқ зияны тиіп кетуі мүмкін екенін естен шығармаңыз. Балаңызды ақырын және білдіртпей бақылаңыз, бұны сіз қорыққаннан емес, тек қауіпсіздік мақсатында істеп отырсыз. Баланың бүлдіршінді ойыншық деп қабылдауы мүмкін болғандықтан осындай қадамға бару керек.

Қазіргі психологтар тұңғыш баланы «ересек» ретінде өсіруді ұсынады:

  • Көмектескені үшін балаңызды мақтаңыз

Үлкен балаңызды үлгі етіп қойыңыз (қалжыңдап): «қарашы, әне Коля өзі киіне алады», «Айгүл тісін қалай тазалайтынын қарашы, саған да үйретеді»

  • Үлкен балаларға талаптың көптеп қойылатынын ғана емес, ересек болғанның қызықты екенін де түсіндіріңіз.

    Үлкен баланың құқықтары бұзылмаған жағдайда ол сәбиді оңай қабылдайды. Уақыт тауып, үлкен балаңызбен де оңаша қалыңыз, міндетті түрде оның пікірін біліңіз.

Қалай болғанда да, анасы сабырлы болса, балалар да тыныш болады. Біз алаңдап, уайым-қайғыға салынбай, келесідей жаңа әрі маңызды деректерді қабылдауға кеңес береміз:

  • Сіз – екі (немесе үш, төрт және т.б.) баланың анасысыз

  • Сіз барлық балаңызды жақсы көресіз, дегенмен қазірше екінші бала сіздің қамқорлығыңыз бен жылуыңызға көбірек зәру.

  • Үлкен баланың кішкентайға қалай қарайтыны сізге байланысты

Жаңа туған нәрестеге жан-тәніңізбен беріліп кетпеңіз, қазір және дәл осында өмір сүріңіз. Үлкен балаларыңыздың есею шақтары да, жарық дүниеге әкелген жаңа нәрестеңіздің өмірі де аса маңызды. Бастапқыда қиындау болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде өзіңіз үшін дұрыс жол табатыныңыз сөзсіз.

EmptyView