Овуляция туралы білуіңіз керек нәрсе Овуляция туралы білуіңіз керек нәрсе
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Овуляция туралы білуіңіз керек нәрсе

Дені сау әйелде бұл циклдің ортасында болады және қашанда ай сайын бола бермейді. Ановуляциялық етеккір циклдері етеккір функ-циясының қалыптасуы мен жойылу кезеңінде жиі кездеседі. Олар тұрақты етеккір циклі кезінде де, ол бұзылған кезде де орын алуы мүмкін.

Бір етеккір циклінде бір немесе екі аналық безде екі овуляция болуы мүмкін, бұл бір күнде немесе аз уақыт аралығында орын алады. Бұл табиғи циклде сирек кездеседі, көбінесе овуляцияны гормоналды ынталандырудан кейін орын алады, ал ұрықтанған жағдайда егіздер пайда болады.

Әйелдерде репродуктивті қартаю физиологиялық қартаюға қарағанда ертерек орын алады, бұл жыныс жасушасы санының үздіксіз азаюына байланысты. Жүктіліктің 20-22 аптасында жатырішілік кезеңде жы-ныстық жасушаның ең көп саны – дамудың әртүрлі кезеңдерінде 7 млн. болады, қыз туылатын болса шамамен 2 млн. ооцит (белгілі бір кезеңдегі аналық жасушалар) қалады, етеккір басталған кезде бар-лығы 250-450 мың фолликула болады, оның ішінде қалыпты жағдай-да 400-500 мыңы овуляция жасайды. 35 жасқа қарай әйелдердің ана-лық бездерінде 25 мыңға жуық фолликула қалады.

EmptyView