Босануға дайындық. Кеңестер мен сөзкөмек Босануға дайындық. Кеңестер мен сөзкөмек
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Босануға дайындық. Кеңестер мен сөзкөмек

Тоғыз ай бойы күту, тырсылдаған кеуде, қысылып қалған өкпе мен жоғалып кеткен бел жүктіліктің шарасыз шарықтау шегі – босануға алып келеді. Сізді қорқытып, абыржытып немесе ана атану рәсіміне дайын еместік сезімін тудыруы мүмкін көптеген аңыздар мен нанымдар бар.

Босану кезінде не болатынын біліп алсаңыз, ол сіздің қорқыныштарыңыз бен үрейіңізді сейілте алады. Huggies компаниясы өміріңіздегі ең маңызды оқиғалардың біріне дайындалуыңызға көмектесетін ақпаратты, ұсынымдар мен кеңестерді жинады.

Босануға дайындық

Көптен күткен ұлы күн жақындап қалды. Сәтті босануды қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі – оған тиісті түрде дайындалу. Ең алдымен, қай жерде босанатыңызды анықтап алыңыз – үйде немесе ауруханада ма. Көптеген ауруханалар арнайы бөлмеде немесе босандыру орталығында босану мүмкіндігін береді. Мұнда әдетте араласуды қажет етпейтін табиғи босануды қабылдайды

Егер үйде босанғыңыз келсе, акушерді шақыру қажет. Сіз болжамды күнге дейін немесе кейін босануыңыз мүмкін болғандықтан, босанар күнге дейін бірнеше апта бұрын дайындала бастауға кеңес береміз. Сіз аурухана сөмкесін алдын ала дайындауыңыз қажет, өзіңіз таңдаған аурухананың оған қатысты талаптарын біліп алыңыз.

Сонымен қатар Сіз сәбиді үйге алып келу үшін тасымалды бесік немесе автокресло, сондай-ақ періштеңізге жайлы әрі жылы болу үшін жөргектер мен балаларға арналған киімдерді сатып алсаңыз болады. Қажеттінің барлығын жинап, ауруханаға даярлық жасап барып келу – керемет идея.

Жүкті әйелдердің көбі толғақтың басталған-басталмағанын түсінбейді, себебі әр әйелде оның басталу белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Мерзімінен бұрын босанудың белгілері басқа екенін түсінуіңіз қажет.

Босану ұзаққа созылуы мүмкін және де сіз сабырлық сақтай алсаңыз, үйде барынша ұзағырақ отыра тұруға тырысыңыз. Егер толғақтың аралығы 5 минуттан аз болса, су кетіп қалса немесе қан кете бастаса, ауруханаға баратын кез келгені. Сіздің жаныңызда осы жолды сәтті өтуге көмектесетін сенімді, жауапты серігіңіздің болғаны өте маңызды.

Босану кезеңдері

Босанудың үш кезеңі бар, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Бірінші кезеңде толғақтың салдарынан жатыр мойны ашылады. Толғақ тартып ауыра бастайды да, белгілі бір уақыт аралығынан кейін басталатын ырғақты ауыру сезіміне дейін өзгеретін болады. Осының арқасында жатыр мойны жұмсарып, баланы өткізуге дайындалып, анағұрлым созылғыш бола бастайды. Сіз денеңізді барынша бос ұстап, ыңғайлы дене қалпын таңдауыңыз қажет. Қуығыңыз бос болуы үшін жиірек дәретханаға барғаныңыз жөн.

Босанудың екінші кезеңінде жатыр мойны толық ашылады, бала босану жолына шығарылады. Осы кезең босанумен аяқталады. Ауырлық күші босану процесіне көмектесетіндей, денені тік қалпында ұстаған жөн. Тыныс алуды ұмытпаңыз! Егер сізге эпидуралдық анестезия салынса, дәрігердің немесе акушердің нұсқауларын мұқият тыңдаңыз.

Бала туғаннан кейін де босану процесінде болатыныңызды білдіңіз бе? Бұл үшінші кезең. Толғақ сізге белгілі бір жалған үміт беріп басылып қалуы мүмкін, бірақ бала жолдасын шығарып тастау үшін ол қайтадан басталады (алғашқы екі кезеңдегідей қарқынды емес). Кейбір ауруханаларда бала жолдасын тезірек шығарып, процесті жеңілдету үшін дәрі егеді. Үшінші кезеңнен кейін акушер немесе дәрігер бала жолдасын алып, бәрі дұрыс па, жоқ па, тексереді. Осымен, сіздің босану процесіңіз аяқталған сияқты.

EmptyView