Сіз кез келген уақытта босануға дайынсыз! Сіз кез келген уақытта босануға дайынсыз!
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Сіз кез келген уақытта босануға дайынсыз!

Алақай! Жүктілік аяқталуға жақын қалды, нәресте кез келген уақытта жарық дүние есігін айқара ашуы мүмкін. Көптеген аналар өздерінің жағдайынан шаршай бастайды, күш-қуатын тез жоғалтады және бәрі аяқталса екен деп армандайды. Бірақ, керісінше, үйін мұқият жуып-тазалай бастайтындар да бар. Қалай болғанда да, өзіңізді қорғау керек екенін есте сақтауыңыз керек.

Жүктіліктің 40 аптасында ана өзін қалай сезінеді?

Жаттығу толғақтары жиі-жиі болып тұрады. Соның арқасында жатыр мен бала оттегімен қаныққан қан қорының орнын толтырады. Мұндайда жылы душ көмектеседі.

Баланы ештеңе ұстап тұрмағандай сезінуіңіз мүмкін, бұрын босанған болсаңыз бұл тіпті, қатты сезіледі. Мұны түсінуге болады, өйткені жамбас бұлшықеттеріне үлкен салмақ түседі. Өзіңізге күш түсірмеңіз, мүмкіндігінше, көп жүрмеуге тырысыңыз.

Ішіңіздің терісі тығыз қатып тұрады, оны созып тастағандай сезімде боласыз. Кіндік толықтай сыртқа шығады, ал созылған жерлер ашық қызыл немесе күлгін түсті болып тұрады.

Егер қынабыңыздан сұйықтық аға бастаса, не болмаса ауыртатын толғақ болса, дәрігерге хабарласыңыз. Мұның бәрі босану қызметінің ерте белгілері болуы мүмкін.

Бұл аптада не істеу керек?

  • Барлық қажетті заттар салынған перзентхана сөмкесін дайындау керек.

  • Егер емізбейтін болсаңыз, тамақтандыруға арналған балалар қоспасы мен құралдарын алып алыңыз.

EmptyView