Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 2-аптасы

Дәрігерлер болашақ ата-анаға балалы болуға белсенді дайындалуға кеңес береді. Бұл әйел үшін аса маңызды, өйткені кейін дәл соның ағзасында ұрық дамитын болады.

Сондықтан кейбір ұсыныстарды ұстанған жөн:
Пайдалы тамақ ішіп, ағзасын пайдалы минералдармен, дәрумендермен және микроэлементтермен қанықтыру керек.
Ұрықтану сәтіне дейін барлық зиянды әдеттерден (алкоголь және темекі шегу) арылу қажет.
Спортпен шұғылдану керек. Ең дұрысы йога немесе суда жүзу, бірақ денеге аз күш түсіретін әдеттегі күнделікті жаттығу да жарайды.
Ұрықтың жүйке түтігінің ықтималды ақауына жол бермеу үшін фолий қышқылын қабылдауды бастаған жөн.
Артық салмағы бар әйелдерге артық салмақтан арылуға тырысып көру қажет, өйткені бұл ұрықтану процесіне кері әсерін тигізеді.
Эмоциялық денсаулық. Әйел күйзеліс пен уайымды барынша азайтып, жақын адамдарымен, бірінші кезекте – күйеуімен сезімдерімен бөлісуі қажет.

Ұрықтану уақыты

Әйелдің етеккір циклінің ерекшеліктерінің арқасында ұрықтанудың тек дұрыс таңдалған уақыты ғана оң нәтижесін бере алады. Жүкті болу мүмкіндігін арттыру үшін овуляция уақытын дәлме-дәл есептеу қажет. Көп жағдайда бұл кезең циклдің ортасында басталады. Мысалы, егер етеккір циклі 28 күнге созылатын болса, онда овуляция 12 – 16 күн аралығында болады. Дәл осы кезеңде жыныстық қатынасқа барынша жиі түсу қажет.
Алайда, белгілі бір күндерде белсенді жыныстық қатынасқа түсу қажеттілігі бірқатар психологиялық қиындықтар туғызады. Жағымсыз сезімді басу үшін күйеуіңіз екеуіңізге романтикалық кеш ұйымдастырып, ұнамды әуенді қосыңыз немесе массаж жасаңыз. Ең бастысы, балалы боламыз дегенге тым қатты мән бермей, ең дұрысы жаныңыз бен тәніңіздің жақындығына көңіл аудару қажет.

Ана ағзасындағы өзгерістер

Әйелдің анабезінде аналық жасуша жетілді, ал фолликул жарылған кезде ол аталық ұрыққа қолжетімді болады, нәтижесінде әрі қарай ұрықтану болады. Бір түрлі естілсе де, дәл екінші аптада құрсақтағы баланың жынысы анықталады. Ол толығымен аталық жасушадағы генетикалық ақпаратқа байланысты. Егер онда Х және У хромосамалары болса, онда жұбайларда ұл, ал егер Х қана болса – онда қыз туады.
Алайда, құрсақтағы баланың жынысын ультрадыбыстық зерттеу көмегімен екінші триместрде ғана нақты білуге болады. Ал әзірше ұрықтандырылған аналық жасуша өлшемі жағынан ұдайы ұлғая отырып, жатырға жатыр түтігі арқылы қозғалып келеді.
Әйел өз денесінде ешқандай өзгерістерді сезбейді. Тек кейбіреулерінде овуляция процесі іштің төмен жағындағы әлсіз тарту сезімімен қатар өтуі мүмкін.
Эмбрионның сыртқы түрі
Құрсақтағы бала әзірге үлкен шар (аналық жасуша) түрінде болады. Аналық жасушаның ұрықтануға қабілеті тәулік бойы сақталады, одан кейін ол өліп қалады да, бала көтеру үшін келесі етеккір циклін күтуге тура келеді. Циклдің екінші және үшінші аптасының жартысы ұрықтануға аса қолайлы уақыт деп саналады.

Жүктілік белгілері

Аналық жасуша аталық ұрықпен қосылмағанша, жүктілік басталды деп санауға болмайды. Міне, сондықтан ұрықтану әйел сезе алатын қандай да бір ерекше симптомдармен білінбейді.
Алайда, овуляцияның басталғаны қарқынды, кейде аздаған қан аралас бөліндіден білінуі мүмкін. Әйел ағзасының ұрықтануға дайын болуының негізгі белгісі іштің төменгі жағының тартуы және ауырлық сезімі болып саналады. Бұл симптом жүктіліктің ерте мерзімінде де сақталуы мүмкін. Барлық жастағы әйелдерге кеңінен мәлім басқа белгілер жатырға эмбрион бекітілгеннен кейін және прогестерон белсенді бөліне бастағанда әлдеқайда кешірек басталады

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView